Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов – №7 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

IMG_8833

Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов 1961 жылы 12 қазанда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Новоресей ауылында дүниеге келді.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын жол-құрылыс машиналары және жабдықтарының инженер-механигі мамандығын тәмәмдады. 1984-1986ж.ж. – «Казстальмонтаж» құрылыс басқармасында механик. 1986-1987ж.ж. – «АктюбеОблАгроПромстрой»

ҚБ Коммунистік Жастар Одағының хатшысы. 1987-1988ж.ж. коммунистік Жастар Одағының облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1988-1991ж.ж. Октябрьск районының Коммунистік Жастар Одағының бірінші хатшысы, 1991-1994ж.ж. – «Талап» фирмасының келісім-шарт бөлімінің бастығы. 1994-1995ж.ж – «Бірлік» концерн басқармасының бастығы. 1995-1997ж.ж. – «Бірлік» ЖШС директоры. 1997-2002ж.ж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер және жұмыс берушілер бірлестігі» ҚБ атқарушы директоры. 2000-2002ж.ж. – «Бизнес центр» ҚҚ президенті. 2002-2004ж.ж. – Ақтөбе облысы кәсіпкерлерін қолдау басқармасының бастығы. 2004-2005ж.ж. – Ақтөбе облысы тәртіптік кеңестің хатшылығының меңгерушісі. 2005-2008ж.ж. – «Бірлестік «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы филиалының директор орынбасары. 2005-2008ж.ж. – «Инновационно-внедрический центр» ЖШС директоры. 2008-2010ж.ж. – «Лад» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары. 2008-2010ж.ж. – «Актюбинский нефтехимический комплекс» ЖШС директоры. 2010-2011ж.ж. – «Лад» ЖШС бас директоры. 2011-2012ж.ж. – «Лад» ЖШС бас директорының орынбасары. 05.2012-09.2012ж.ж. – «Өмірбек» ЖШС бас директоры. 10.2012 – 12.2012ж.ж. – «Ақтөбе қаласының бір жолғы талондар беру жөніндегі бөлімі» ММ бастығы, 02.2013 – 12.2013ж.ж. – «Табыс – Ақтөбе» ЖШС директорының орынбасары. 02.2014 жылдан қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы.

Нұрлан Жаңабекұлы қаланың саяси-қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президентке үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының IV, V және VI шақырылымдардың депутаты.

Үйленген, екі баласы бар.

Марапаттары:  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»(2001.), “Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл” мерекелік медалдарымен, қала, облыс әкімдерінің түрлі мақтау қағаздары.

 Сайлауалды бағдарламасы

Қалалық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, мен өз сайлаушыларымның алдындағы жоғарғы жауапкершілікті сезіне отырып, келесідей сайлау алдындағы бағдарламамды ұсынамын:

  1. Қалалық өкілетті орган сессиялары мен оның тұрақты комиссияларының жұмысында округ тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде:
  • Сайлаушылардан келіп түскен шағымдардың тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну
  • Соғыс және еңбек ардагерлерінің, мүгедектер және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту
  • Жалғыз басты және көп балалы аналардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту
  • Қала тазалығы мәселелерін шешу
  • Көшені жарықтандыру, тротуарлар, жол жөндеуі мен құрлысын шешу арқылы өз округімдегі сайлаушылардың мүдделерін қорғаймын
  1. Мәселерді шешу:
  • Шағын және орта кәсіпкерлерді
  • Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, себебі біз өзіміздің азаматтар тұтынатын азық-түліктің шетелден әкелуіне тосқауыл қоюмыз қажет
  • Жыл сайын шаруалар мен үй маңындағы шаруашылықтардың өнімін тұрақты және әділетті бағамен сатып алуға кепіл бола алатын, бюджеттен қаржыландырылатын, азық-түлік қорларын қалыптастыру
  1. Қалалық мәслихат депутатының құзыреті шегінде:
  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін дамытуға
  • Тиісті медициналық қызмет көрсетуге
  • Жас отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысын
  • Спорт кешендері мен мәдени-ағартушылық мекемелерінің желілерін дамытуға аса мән беремін
  1. Округ аумағында тұратын тұрғындардың өзекті мәселерін шешу мақсатында сайлаушылармен тұрақты кездесу өткіземін.

Мен, өзіме жүктелген істі атқаратыныма уәде беремін және уәдемді орындаймын.