Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Рүстем Амантайұлы Сагиддинов – №3 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

  Рустем Амантайұлы Сагиддинов 1984 жылдың 23 маусымында Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының  Қарғалы ауылында дүниеге келді.

1991-2001 ж.ж. Қарғалы оқу-тәрбие кешенінің орта мектебі.

2001-2005 ж.ж.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, мамандығы: «Қаржы және несие»

2005-2006 ж.ж. ҚР Қарулы Күштері.

2007 ж. «БТА Банк» АҚ-да Ақтөбе қаласындағы кепілдік мүліктермен жұмыс қызметкері.

2009 ж. Алматы қаласы  орта бизнес басқаруды несиелеу бөлімінің жетекшісі.

2009-2010 ж.ж. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

2011-2014 ж.ж. Астана қаласындағы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БРК – Лизинг» АҚ-да корпоративтік хатшы.

2012 ж.Гонконг Қор биржасы.

2014-2015 ж.ж. «Құнды қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-да (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы еншілес ұйымы) басқарушы директор.

2015 жылдан осы уақытқа дейін «Altyn EX Company» АҚ Тау-Кен компаниясы бас директорының орынбасары.

Үйленген, 1 бала тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Қадірменді жерлестер!

 

Өзімнің сайлауалды бағдарламамды келесі бағыттарға шоғырландырғым келеді:

  • Ардагерлерді қамқорлыққа алу;
  • Мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру;
  • Бизнес үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Ұлттық дәстүрлерді қолдау;
  • Отбасылық құндылықтарды күшейту;
  • Жаңа қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  • ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуларына жағдай жасау;
  • Жемқорлықпен күрес;

Тұрақты комиссия отырыстары мен Ақтөбе қалалық мәслихатының сессияларында өз округ тұрғындарымның  мүдделерін қорғап, оның ішінде Заречный ауданында жаңа меткеп құрылысына және сайлау округта инфрақұрылымды дамытуға өз үлесімді қосамын. Оның ішінде;

  • Кірпішті, Заречный – 3 аудандарында мектеп құрылысы;
  • Заречный – 2, 3 балалар бақшасының құрылысы;
  • Кірпішті ауданында су құбырларының құрылысы;
  • Ақжар ауылында шағын және орта бизнесті дамыту:

Депутаттық қызметтің басым бағытын  №3 сайлау округтегі мекемелер мен кәсіпорындарға, сайлаушыларға мақсатты түрде жәрдем беру деп санаймын.