Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Әнуар Төлеуғалиұлы Тасимов – №2 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Тасимов1Әнуар Төлеуғалиұлы Тасимов 1982 жылы 3 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. 2004 жылы Ақтөбе қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2007 жылдан 2014 жылға дейін ” АПСИД” ЖШС директоры, ал 2014 жылдан бастап  қазіргі таңға дейін “Бәйтерек агро” шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді.  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, еліміздің және өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. 2011 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президентке кандидаттық сайлау алдындағы штабының жұмысына белсене қатысты, тиімді жұмыс ұйымдастыра білді. Ақтөбе қалалық мәслихаттың IV, V шақырылымдарының депутаты, «Жас депутаттар ассоциациясы» РҚБ-нің төрағасы болып табылады, Ақтөбе қалалық мәслихатының аграрлық мәселелер, экологиялық және жер қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның II-съездінің Ақтөбе облысы атынан делегаты болды. Көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар, акциялар және мерекелі іс шараларға қатысып қана қоймай сонымен қатар бастаушысы және қозғалтқыш механизмі рөлін атқарған, соның ішінде: аз қамтылған және толық емес отбасы балаларына, мүгедек балаларға «Мектепке жол» бағдарламасы аясында спонсорлық көмек көрсетті, қаламыздың аулаларында спорт алаңдарын салынуы мен ашылуында үлкен үлес қосты, «Ескі қағаз жина» (Бумажный бум) әлеуметтік акциясының бастаушыларының және оны жүзеге асырушыларының бірі болды, бұл жоба аясында қаламыз ескі қағаздан және коп қоқыстан тазартылып, ал өнген қаржыға қаламыздың мектептеріне спорттық мүліктер және басқа да қажетті заттар сыйға тартылды. Ақтөбе қаласы бойынша жастар саясатының кординаторы болып табылады. Марапаты:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты(2011ж.).

 

Сайлауалды бағдарламасы

Қымбатты сайлаушылар! Күллі әлем бастан өткеріп отырған  қиын кезеңде Біз үшін ең басты міндет – Елбасы мен « Нұр Отан» партиясының төнірегіне топтасу болып отыр. Өйткені, олар әрбір қазақстандықтың алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуді өз мойындарына алып отыр. Ал депутаттыққа үміткер ретінде мынадай мәселелерге назар аудару қажет деп ойлаймын:

  • Қоғамның әлжуз топтарын: қарттарды, мүгедектерді, көп балалы шаңырақтар мен жоқ – жітік адамдарды қолдау;
  • Медицина мекемелерінің материалдық – техникалық базасын жақсартуға ықпал ету, осы салада мемлекеттік бағдарламаларды орындалуын қадағалау;
  • Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтеру;
  • Шағын бизнеске қатысты бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене ат салу.

Қымбатты сайлаушылар! Ертеңіміз біздің ғана қолымызда!