Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Талғат Амангелдіұлы Хамитов -№1 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Хамитов Т

Талғат Амангелдіұлы Хамитов 1973 жылы 24 қазанда Орал облысы (қазіргі Батыс-Қазақстан) Шынғырлау ауданы Шынғырлау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы кәсіптік техникалық училищесін бітірген соң бастады. 1991-1995ж.ж. Орал (қазіргі Батыс-Қазақстан) облысы Қызыл көл совхозында жүргізуші-дәнеркерлеуші қызметінде жасаған. Совхозда жұмыс барысында өзін тәжірибелі маман ретінде танытып, 1993 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығының үздігі» грамотасымен марапатталды. 1995-2004ж.ж. Ақтөбе қалалық базарлар басқармасының инспекторы, аға инспекторы болып жасады. Тәжірибелік және қоғамдық жұмысты сапалы жасауға ұжымды ұйымдастыруда өзін тәжірибелі маман ретінде танытты. 2004-2007ж.ж. «Шығыс Сервис ЛТД» ЖШС-нің директоры қызметінде жұмыс атқарды. Жұмыс уақытында жақсы ұйымдастыру қабілеттерімен өзін сауатты басшы ретінде көрсете білді. 2007-2009 жылдары «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының жетекші маманы болып жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап қазіргі таңда «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы қызметін атқаруда.

Талғат Амангелдіұлы 2006 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі, еліміздің және өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Ақтөбе қалалық қалалық мәслихатының IV, V и VI шақырылымдарының депутаты. Ақтөбе қалалық мәслихатының IV шақырылымында «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиал жанында Қазақстандық өнімдер комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес мүшесі болды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХII съезіне шақырылғандардың қатарында және XIII съезінің делегаты болды. «Нұр Отан» партиясының «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің бастауыш партия ұйымының төрағасы. Ақтөбе қалалық мәслихаты V-ші шақырылымның депутаты, Ақтөбе қалалалық мәслихатының индустриялық даму, инфоқұрылым және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып келеді.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Астанаға 10 жыл»(2008ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011ж.), “Қазақстан мәслихаттарына -20 жыл” (2014ж.), мерекелік медалдары, «Атамекен одағының ІІІ дәрежесі» ордені.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Ал депутатықттан үміткер азамат ретінде мен мынадай бағыттарға басымдық беремін:

- Еңбек жасындағы әрбір азамат жақсы жалақы алып, өзі қалаған жағдайда кәсіп ашу мүмкіндігіне ие юолуы тиіс. Мен осы бағытты жүзеге асыруға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Өйткені, Ақтөбе қаласының әрбір тұрғыны жақсы өмірге лайықты.

- Зейнетақы мен жәрдемақы көлемінің көбеюі секілді маңызды мәселелерде көтеріп, азаматтардың заңды құқың талап ету;

- Өз округімдегі тас жолдар мен тротуарларды асфальттау, шеткері көшелерді жарықтандыруға қатысты маңызды мәселелерді шешуге үлес қосу;

- Округтің санитарлық ахуалына қатысты проблемаларды көтеріп, экологиялық ахуалды жақсартуға ат салысу және осы мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы бөлуге ықпал ету;

- Медициналық қызмет сапасын жақсартуды бақылау және меншік құқына қарамастан барлық медицина мекемелерінің тұрғындар алдындағы жауапкершілігін арттыруға үлес қосу;

- Оттандық тауар өндірушілерді қолдауға ықпал ету. Өйткені, аймақ тұрғындары құнарлы әрі сапалы ас ішуге лайықты;

- Қызмет көрсету сапасын бақылау және халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің әсіресе, коммуналдық қызмет пен қоғамдық көлік қозғалысының жайын бақылауда ұстау;

 Құрметті сайлаушылар! Біздің ертеңіміз өз қолымызда!