Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 15:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Бекенова Алмагүл Шұбайқызының төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының пленарлық отырысы өтті. Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі М.Е.Абдуллин, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Сейілханов Р.Н., Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, қатысты. Подробнее ‘Кезектен тыс 45 сессия отырысы өтті’ »
f9f25cc4-2268-439d-9362-300d75186ded
Аумақтық сайлау комиссияның және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары - қарау
Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 10:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясының пленарлық отырысы өтті. Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі І.С.Испанов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Б.Т.Құрманалин, БАҚ өкілдері қатысты.
Подробнее ‘Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті’ »
Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Жұмыс тобының 2019 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 45 адам көлемінде айқындалды, оның ішінде 5 мемлекеттік органдардың өкілдерінен және 40 азаматтық қоғамының өкілдерінен тұратын болады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «18» наурыз – «03» сәуір аралығында.
2019 жылдың 15 наурызыңда қалалық мәслихаттың хатшысы С.П.Шынтасованың төрағалығымен қалалық мәслихатта Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы өтті.
Қазіргі таңда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Digital Аgent» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильдік қосымшасының артықшылығы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың нақты уақыт режимінде қызмет көрсету сапасына қатысты өз шағымын және тиісті бағасын беру мүмкіндігі