Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Новости

Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясы төрағасының № 14 ШЕШІМІ
17.04.2013 12:35

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының  18 - бабының 4 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы 2013 жылдың сәуір айының 25 жұлдызына сағат 10.00 - ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. «2013 – 2015 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 94 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Ізбастенова Халима Бақытжанқызы – «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бастығы.

2. Басқа да мәселелер.

Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                                                          К. Швец


Елімнің тағдыры – менің тағдырым
12.04.2013 13:13

1

Бүгін, 10 сәуір Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының студенттер сарайында, Елордамыз Астанадан бастау алған Қазақстанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылығының арқасында республиканың жеткен табыстарын қазақстандықтардың тағдыры арқылы көрсетуді көздейтін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы болып өтті.

Форумды өткізуге көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі ұйытқы болды.

Форумға Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер қатысты.

Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен көрнекті жасампаз қызметінің арқасында бұрынғы кеңестік республикадан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлемдегі беделді мемлекетке айналды. Осынау таңдай қақтырарлықтай жетістіктерде Мемлекет басшысының әрдайым жасапаз күш-қуатына арқа сүйеген тұтас халқымыздың, әрбір қазақстандықтардың зор еңбегі жатыр. Елдің және азаматтарының тағдырының бірлігі Қазақстанның алға қарайғы дамуының негізі болған және солай болып қала береді.


(Русский) Общественный проект Апреля – Бумажный бум
11.04.2013 16:52

Кешіріңіз, бұл жазбаның аудармасы әлі дайын емес


Депутаты маслихата города Актобе побывали на городском кладбище в районе кирпичного завода
11.04.2013 16:26

 Депутаты маслихата города Актобе в составе Бекеновой А.Ш.- председателя постоянной комиссии по социально-культурному развитию, Самойленко А.Н.- председателя постоянной комиссии по экономической реформе, финансам и бюджету,  Тасимова А.Т. -члена постоянной комиссии по социально-культурному развитию, 8 апреля 2013 года побывали  на городском кладбище в районе кирпичного завода по  коллективному заявлению жителей города Актобе об имеющихся фактах вандализма на городском кладбище и о несвоевременном вывозе мусора. На встрече присутствовали- Юсупов Х.Ж.- заведующий сектором благоустройства и озеленения и Таханов К. инспектор этого же сектора ГУ «Отдел жилищно – коммунального хозяйства, пассажирского транспорта  и  автомобильных дорог  г.Актобе, директор ТОО «Спецобслуживание» Дзоценидзе Ж.Д.


Кезекті он бірінші сессия
10.04.2013 01:05

1

Бүгін 5 сәуірде Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті 11 сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров, әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Сессия күн тәртібінде «Қол жетімді баспана – 2020» мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар туралы» және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар туралы»  сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков баяндама жасап, қалалық мәслихат депутаттарының  сұрақтарына жауап берді. Ал «Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық (селолық) округтерін құру туралы» Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шериязданов баяндады. Сессияда тағы комиссия құрамдарының өзгеруіне байланысты мәселелер қаралды.


Ақтөбе қалалык мәслихат депутаттары «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында бой көтеріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты
01.04.2013 19:30

Ақтөбе қалалыө мәслихат депутаттары «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында бой көтеріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты Подробнее ‘Ақтөбе қалалык мәслихат депутаттары «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында бой көтеріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты’ »


Наурыз
01.04.2013 19:20

1Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Ақтөбе қалылық
мәслихатының хатшысы
С.Шынтасова


(Русский) Встреча члена постоянной комиссии по социально-культурному развитию маслихата города Актобе Бекенова А.Ш
07.03.2013 15:54

Кешіріңіз, бұл жазбаның аудармасы әлі дайын емес


«Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ашылды
25.02.2013 15:27

Бүгін яғни 2013 жылдың  25 ақпанында Ақтөбе қаласында «физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрағасы К.Н. Шамшидинова, облыс әкімі Мұхамбетов А.Б. және қала әкімі Е.Б. Омаров, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы  С.П.Шынтасова мен қалалық депутаттар қатысты.

Байқау іріктеуінен өтіп, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысының «Өркен» грантын жеңіп алған 570 оқушы білім алу құқығына ие болды. Облыстың шалғай аудандарынан келген 120 оқушы білім алуға және демалуға барлық жағдай жасалған интернатпен қамтамасыз етіледі. Подробнее ‘«Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ашылды’ »


Кезекті оныншы сессия
05.02.2013 15:20

DSC00282

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 24 жұлдызында қалалық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының отырысы болды. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров, қалалық мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты. Подробнее ‘Кезекті оныншы сессия’ »