Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Новости

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні!
06.05.2019 19:55

7 Мамыр инст_page-0001


Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссияның және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы хабарлама
19.04.2019 15:56

Аумақтық сайлау комиссияның және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары - қарау


Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті
28.03.2019 18:26

DSC_0517

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 10:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясының пленарлық отырысы өтті.  Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі І.С.Испанов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Б.Т.Құрманалин, БАҚ өкілдері қатысты.

Подробнее ‘Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті’ »


Хабарландыру
15.03.2019 12:30

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң)Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Жұмыс тобының 2019 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 45 адам көлемінде айқындалды, оның ішінде 5 мемлекеттік органдардың өкілдерінен және 40 азаматтық қоғамының өкілдерінен тұратын болады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «18» наурыз – «03» сәуір аралығында.

Подробнее ‘Хабарландыру’ »


Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы
15.03.2019 11:46

DSC_04312019 жылдың 15 наурызыңда қалалық мәслихаттың хатшысы С.П.Шынтасованың төрағалығымен қалалық мәслихатта Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы өтті.

Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы’ »


«Digital Аgent» мобильді қосымшасы
12.03.2019 18:38

Қазіргі таңда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  бастамасымен «Digital Аgent» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильдік қосымшасының артықшылығы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың нақты уақыт режимінде қызмет көрсету сапасына қатысты өз шағымын және тиісті бағасын беру мүмкіндігі


1 Наурыз – Алғыс айту күні!
01.03.2019 10:31

Документ Microsoft Word_pages-to-jpg-0001


Байқаушылар тізімін калыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
22.02.2019 09:42

kisspng-pop-art-clip-art-binoculars-5ab80e5c6552e2.2789581315220117404151

Ақтөбе қаласының Мәслихаты Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушыларды тізімін жасақтау бойынша іріктеу жүргізілетіндігін хабарлайды.

Байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар 2019 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Мәслихатының аппаратына жазбаша нысандағы өтініш жолдайды.

Құжаттар 2019 жылғы 11 наурыз, сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден – 18:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 14:00-ге дейін), келесі мекенжайда: 030000, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй, Ақтөбе қаласының Мәслихаты аппаратының 42 бөлмесінде жүргізіледі. Анықтама телефондары: 8 (7132) 41-64-07, E-mail: maslihataktobe@mail.ru.

Өтініштің нысаны форма наблюдатели


Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
22.02.2019 09:20

obshchestvennyy_sovet11

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе қаласының Мәслихаты Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобы құрамының саны 9 адамнан, оның ішінде 3 адам мемлекеттік органның және 6 адам азаматтық қоғамының өкілдерінен тұрады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2019 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Мәслихатының аппаратына келесі құжаттар тапсырады:

Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ’ »


Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы
28.01.2019 20:04

DSC_0332

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының және Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Аталған отырысқа мәслихат хатшысы С. Шынтасова, қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Р. Айдашева, К.Айдарханова бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері қатысты. Қала әкімінің аппарат басшысы С. Нәби Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің және білім бөлімінің тағайындалған басшыларын депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырып шықты. Ақтөбе қаласының бас экономисті Айгүл Бегей тағайындалған лауазымына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс атқарды.

Күн тәртібіндегі «Ақтөбе қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Бегей баяндама жасады. Подробнее ‘Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы’ »