Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Депутаты

Аманбай Смайелұлы Сакиев – № 11 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:42

Сакиев  Аманбай Смайелұлы Сакиев 1964 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Екі жоғары білім. 1985 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын бітірді. Сонымен қатар, экономика мамандығы бойынша  Алматы экономика және статистика институтын бітірді.

1985 – 1987 жылдары Кеңес әскерінің қатарында мерзімді әскери қызмет өтті.

1988 жылы сәуір айнын бастап Шилісай фосфоритті кенішінде электрослесарь болып өз еңбек жолын бастаған.

1988 – 1988 жылдары Калинин атындағы колхозында инженер-электрик болып жұмыс атқарған.

1990 жылдың қаңтардан бастап 1996 жылдың қаңтарына дейін – “Госэнергонадзор” энергоинспекциясының инспекторы.

1996 – 1999 жылдары “Госэнергонадзор” энергоинспекциясы тобының басшысы.

1999 жылдың ақпаннан 2003 жылдың маусымына дейін – өткізу департаменті директорының орынбасары, қосалқы станция қызметінің бастығы, Бірінші Вице-Президентінің орынбасары, “Ақтөбеэнерго” ААҚ техника жағынан директоры. Подробнее ‘Аманбай Смайелұлы Сакиев – № 11 сайлау округінен депутат’ »


Кириченко Кирилл Владимирович – №12 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:41

MMAS48311(1)Кириченко  Кирилл Владимирович 1983 жылы желтоқсан айынын

19 жұлдызында Алматы облысының Алматы қаласыңда дұниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Алматы қаласыңда «Тұран» универсететін бітірді,

Өзінің еңбек жолын 2005 жылы ТОО «SBS Group» мекемесінде жоба бойынша менеджер болып, 2013 жылға дейн қызмет етеді.

2013 – 2014 жылдары «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС бас директоры болып еңбек жолын жалғастырады.

2014 жылдан бастап «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС бақылаушы кеңес мүшесі және бас директордың кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

Үйленген, бір бала тәрбилеуде.

Подробнее ‘Кириченко Кирилл Владимирович – №12 сайлау округінен депутат’ »


Юрий Владимирович Гончаров – № 13 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:40

photofacefun_com_1516099403  Гончаров Юрий Владимирович 1978 жылы 4 шілде айында Ақтөбеде дүниеге келген. Білімі жоғары. № 26 орта мектепте оқыған. «Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу» мамандығы бойынша Ақтөбе мұнай және газ колледжін бітірді. «Технологиялық үрдістердің жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.
2004 жылдан 2016 жылға дейін «КазТрансГазАймақ» АҚ АФ жетекші маман болып жасаған.
2009 жылдан бастап, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының басшысы болған.
2011 жылда кезектен тыс ҚР президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаев кандидатының сенімді өкілі болды. Қазіргі кезде Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Бірнеше рет сессия отырысында өзекті мәселелерді талқылау барысында сөз сөйлеп, нақты ұсыныстар енгізуге үлес қосқан. Белсенді спорт түрлерімен шұғылданады. Блогер болып, жалпықалалық іс-шараларға белсене қатысады.
2017 жылы журналистика күніне орай «Ақтөбе қаласының үздік блогері» Ақтөбе облысы әкімі мадақтамасымен марапатталды. Подробнее ‘Юрий Владимирович Гончаров – № 13 сайлау округінен депутат’ »


Күлшат Қабылбекқызы Масалимова – №14 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:39

Масалимова 1Күлшат Қабылбекқызы Масалимова 1973 жылы 9 шілдеде Алматы облысының Үштөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстан экономика және құқық институтын бітірген. Мамандығы — экономист.

Күлшат Қабылбекқызы еңбек жолын 1999 жылы «LLP Corporate Cuisine» шотландиялық фирмада тамақтандыру және адамдарды жайғастыру бойынша үйлестіруші болып бастап, 2005 жылға дейін сонда еңбек етті. 2005-2009 жылдары  «Aspava» ЖШС (тамақтандыру қызметі, мейрамхана бизнесі) директоры болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бері «TAKSIM ASIA» ЖШС (тамақтандыру қызметі, мейрамхана бизнесі) басшысы.

Қандай салада болса да қандай істі де аяғына дейін жеткізу К.Қ. Масалимоваға тән қасиет. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, ол тамақтандыру саласындағы бәсекелестікті дамытуға үлес қосып келеді. Ол қарамағындағы қызметкерлерді оқытып, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға аса мән береді. Подробнее ‘Күлшат Қабылбекқызы Масалимова – №14 сайлау округінен депутат’ »


Арман Махмұтұлы Байсейітов – №15 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:38

IMG_8820Байсеитов Арман Махмутұлы 1980 жылдың 13 наурызында дүнеге келді .

Білімі: 1997-2002 ҚазМСҚА Алматы қ.

Факультет: Техгологиялық –құрылыс

Мамандығы: Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс

Біліктілігі: құрылыс инженері

2007-2008 ҚазЭУ (IBS) Алматы қ.

EXECUTIVE MBA «Стратегиялық менеджмент»

2012-2015  (International Business School, EUROPEAN UNIVERSITY)

Doctor Business Administration

Жұмыс тәжірибесі:

2002-2003Алматы қ. «Құрылыс басқармасы»ЖШС

Лауазымы: ӨТБинженері Подробнее ‘Арман Махмұтұлы Байсейітов – №15 сайлау округінен депутат’ »


Искандер Серікбайұлы Назарбаев – №16 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:37

назарбаев 1 Искандер Серікбайұлы Назарбаев 1979 жылы 8-ші қаңтарда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келді.  Ақтөбе қаласындағы № 12 жалпы білім беру орта мектебін бітіріп шықты. Мектеп бітірген соң 1995 жылы Санкт – Петербург қаласындағы Мемлекеттік Техникалық Университетке оқуға түсті. 1996 жылы отбасы жағдайына байланысты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік ортадағы экономист» мамандығына ауысты.

Ескендір Серікбайұлы 2000 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына (ҚМЭБИ) оқуға түсті. Оқу барысында жақсы үлгерімі үшін Сорос Қорының грантты-стипендиясымен марапатталды.  «Бизнес-статистика» пәні бойынша штаттық емес кіші мұғалім болып қызмет жасады. ҚМЭБИ бітіргеннен кейін «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандығын иемденді.

2002 жылдың қыркүйек айынан бастап 3 жыл бойына «Аджип ККО» мемлекетаралық мұнай компаниясында жұмыс жасады. Жұмыс барасында мансабы кадр бөлімінің ассистентінен компанияның кіші қаржылық аналитигіне дейін жоғарылады.

2006 жылы Ақтөбе қаласындағы «Әйгерім» жеке емханасының директоры болып тағайындалған. Компанияны дамытудағы жеткен жетістіктері үшін 2009 жылы «Әйгерім» емханасының бас директоры болып тағайындалды. Подробнее ‘Искандер Серікбайұлы Назарбаев – №16 сайлау округінен депутат’ »


Айнұр Қайсарқызы Бақтығалиева – № 17 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:36

photofacefun_com_1516102465

Бақтығалиева Айнұр Қайсарқызы 1981 жылы 20 сәуірде Атырау облысы Индер поселкесінде дүниеге келген.
Жоғары білімі – экономист. Қазіргі уақытта AlmaU Алматы менеджмент Университетінде магистратура бөлімінің бағдарламасын тыңдаушы.
Өзінің еңбек қызметін 1999 жылы Атырау қаласындағы «Свифт Текникал Сервисез» компаниясының филиалында бастаған.
2001-2004 жылдары «Болашақ Атырау» ЖШС директоры қызметін атқарды. Компанияның жұмыс бағыты ТШО және Аджип компанияларының жобаларына қазақстандық және шетелдік қызметкерлерді тарту, жалдауға негізделген. 2004 жылдан бастап жолдасымен бірге отбасылық кәсіпкерлікті басқарады. Кәсіпкерлік экономиканың басты үш бағытына негізделген: ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, тігін шеберханасы.
Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясының  филиалының мүшесі, «НұрОтан» саяси партиясының мүшесі, Қазақстан кәсіпкер әйелдер қоғамының мүшесі, тұрмыста, төрт балалы. Подробнее ‘Айнұр Қайсарқызы Бақтығалиева – № 17 сайлау округінен депутат’ »


Сұлупан Панақызы Шынтасова – №18 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:35

СайтСұлупан Панақызы Шынтасова 1959 жылы 4 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Экономикалық жоғары білім иегері, заң ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе қалалық тамақ саудасы, № 1 шаруашылық дүкенінде тауартанушы қызметінен бастаған.  1982-1988 жылдары қалалық тамақ саудасы, 6 шаруашылық есеп, аға тауартанушы; 1988-1992 жылдары «Азық-түлік тауарлары» Ақтөбе бөлшек сауда бірлестігі, № 6 ОД директоры; 1992-1997 жылдары Облыстық әкімшіліктің облыстық сауда басқармасы, басқарма бастығы; 1999-1999 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің талдау және шұғыл ақпарат секторының меңгерушісі; 1999-2002 жылдары Облыстық коммуналдық меншік басқармасы, басқарма бастығы; 2002 -2004 жылдары Базарларға және бір жолға талондар бойынша қызметтердің кейбір түрлеріне әкімдік ету жөніндегі облыстық басқарма, басқарма бастығы; 2004-2006 жылдары Ақтөбе облыстық қаржы департаменті, директордың орынбасары; 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополиярды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы қызметін атқаруда. 2013 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси Кеңес мүшесі. Подробнее ‘Сұлупан Панақызы Шынтасова – №18 сайлау округінен депутат’ »


Серік Амантайұлы Әліпов – №19 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:34

IMG_8835Серік Амантайұлы Әліпов 15 маусым 1963 жылы Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданының Көк-Төбе кентінде дүниеге келген. Еңбек қызметін 1985 жылы Алға ауданындағы Ақтөбесельмаш зауытында инженер-құрастырушы болып бастады. Кеңес Армиясы қатарында әскри қызметін өтеді.1988-1989 ж.ж. – «Ақтөбесельмаш» зауытында инженер-құрастырушы. 1989 жылы еңбек ұжымы мен партиялық ұйымның ұсынысымен Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің жұмысына жіберілді. 1989-1991 ж.ж. Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, істерін басқарушысы.1991- 1993 ж.ж. – «Медицина» республикааралық биржасы, Бас директордың орынбасары. 1993-1997 ж.ж. – «ТАНУ» Акционерлік қоғамы, коммерция жөніндегі директордың орынбасары. 1997-1999 ж.ж. – «ТМКгрупп » ЖШС, директоры. 1999 бастап қазіргі уақытта – «ПромМаркет» («Ақтөбе» сауда үйі) ЖШС Бас директоры.

Серік Амантайұлы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» АОФ қазақстандық үлесті мониторингтеу жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады. Ақтөбе қалалық қалалық мәслихатының V. VI шақырылымдарының депутаты. Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп,  жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі комиссиясының төрағасы. Подробнее ‘Серік Амантайұлы Әліпов – №19 сайлау округінен депутат’ »


Гринберг Владимир Феликсович – №20 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:33

гринберг 1Гринберг Владимир Феликсович  20 сәуір 1955 жылы  дүниеге келді.1972 жылы  Қостанай қаласының № 8 орта мектебін бітірді.

1977 жылы Қарағанды  политехникалық институтын бітірді. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін бітірді.

1997 жылдың қазан айынан бастап 1994 жылдың қыркүйек айы бойынша «Запказгеология» ӨГБ геофизик, отряд бастығы, аға геофизик, Сағыз партиясының бастығы, Орталық партия бастығы, орталық зертхана бастығы қызметтерінде жұмыс жасады.

1994 жылдың қыркүйек айынан бастап 1995 жылдың қыркүйек айы бойынша «Электродсервис» ЖШС директоры, 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылдың қаңтар айы бойынша – «Каир ЛТД» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды, 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап  қазіргі уақытта дейін – «Каир Трэйд» ЖШС бас директоры болып қызмет етеді.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Подробнее ‘Гринберг Владимир Феликсович – №20 сайлау округінен депутат’ »