Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Депутаты

Талғат Амангелдіұлы Хамитов -№1 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:52

Хамитов Т

Талғат Амангелдіұлы Хамитов 1973 жылы 24 қазанда Орал облысы (қазіргі Батыс-Қазақстан) Шынғырлау ауданы Шынғырлау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы кәсіптік техникалық училищесін бітірген соң бастады. 1991-1995ж.ж. Орал (қазіргі Батыс-Қазақстан) облысы Қызыл көл совхозында жүргізуші-дәнеркерлеуші қызметінде жасаған. Совхозда жұмыс барысында өзін тәжірибелі маман ретінде танытып, 1993 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығының үздігі» грамотасымен марапатталды. 1995-2004ж.ж. Ақтөбе қалалық базарлар басқармасының инспекторы, аға инспекторы болып жасады. Тәжірибелік және қоғамдық жұмысты сапалы жасауға ұжымды ұйымдастыруда өзін тәжірибелі маман ретінде танытты. 2004-2007ж.ж. «Шығыс Сервис ЛТД» ЖШС-нің директоры қызметінде жұмыс атқарды. Жұмыс уақытында жақсы ұйымдастыру қабілеттерімен өзін сауатты басшы ретінде көрсете білді. Подробнее ‘Талғат Амангелдіұлы Хамитов -№1 сайлау округінен депутат’ »


Әнуар Төлеуғалиұлы Тасимов – №2 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:51

Тасимов1Әнуар Төлеуғалиұлы Тасимов 1982 жылы 3 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. 2004 жылы Ақтөбе қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2007 жылдан 2014 жылға дейін ” АПСИД” ЖШС директоры, ал 2014 жылдан бастап  қазіргі таңға дейін “Бәйтерек агро” шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді.  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, еліміздің және өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. 2011 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президентке кандидаттық сайлау алдындағы штабының жұмысына белсене қатысты, тиімді жұмыс ұйымдастыра білді. Ақтөбе қалалық мәслихаттың IV, V шақырылымдарының депутаты, «Жас депутаттар ассоциациясы» РҚБ-нің төрағасы болып табылады, Ақтөбе қалалық мәслихатының аграрлық мәселелер, экологиялық және жер қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның II-съездінің Ақтөбе облысы атынан делегаты болды. Подробнее ‘Әнуар Төлеуғалиұлы Тасимов – №2 сайлау округінен депутат’ »


Рүстем Амантайұлы Сагиддинов – №3 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:50

  Рустем Амантайұлы Сагиддинов 1984 жылдың 23 маусымында Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының  Қарғалы ауылында дүниеге келді.

1991-2001 ж.ж. Қарғалы оқу-тәрбие кешенінің орта мектебі.

2001-2005 ж.ж.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, мамандығы: «Қаржы және несие»

2005-2006 ж.ж. ҚР Қарулы Күштері.

2007 ж. «БТА Банк» АҚ-да Ақтөбе қаласындағы кепілдік мүліктермен жұмыс қызметкері.

2009 ж. Алматы қаласы  орта бизнес басқаруды несиелеу бөлімінің жетекшісі.

2009-2010 ж.ж. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

2011-2014 ж.ж. Астана қаласындағы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БРК – Лизинг» АҚ-да корпоративтік хатшы.

2012 ж.Гонконг Қор биржасы. Подробнее ‘Рүстем Амантайұлы Сагиддинов – №3 сайлау округінен депутат’ »


Алтынай Ерішқызы Муханова – №4 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:49

9-12Муханова Алтынай Еришовна, 1959 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Ақсай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Тұрмыста, екі ұлды тәрбиелеп, алты немересі бар. «Бухгалтелік есеп» мамандығы бойынша Ақтөбе кооперативтік техникумді бітірді. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде жоғары білімін алды. Жалпы еңбек өтілі – 41 жыл. Өз еңбек жолын 1977 жылы Михайловская орта мектебін бітірген кейін бастады. 1977 – 1999 жылдары аралығында «Автоколонна 2577» тауар ауласында қабылдау-өткізу маманы, меңгеруші, бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін әскери-техникалық метебінде бухгалтер лауазымда жұмыс атқарды. 2004 жылдан бастап «Real Газ Energy» ЖШС-ның қаржы директоры. Негізгі қызметтен бөлек, «Қолғанат-Ақтөбе» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңес төрайымы. Подробнее ‘Алтынай Ерішқызы Муханова – №4 сайлау округінен депутат’ »


Швец Константин Валентинович – №5 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:48

9х12Швец Константин Валентинович1969 жылы 29-шы маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1986 жылы  Ақтөбе қаласындағы №11 неміс тілін тереңдетіп оқытатын арнайы мектебін алтын медальмен бітірген. Санкт – Петербург мемлекеттік техникалық университетінде  инженер-металлург мамандығы бойынша жоғарғы білім алдым. Қосымша білімі – есепші. Санкт – Петербургте  бухгалтерлік мектебінде қосымша білім алған.

1987-1989 жж. Қарулы күштер құрамында отан алдындағы әскери борышын өтеген. Әскери шені – ефрейтор.

Еңбектегі  қызметі өндіріспен байланысты: «Қазақстан Трубопром» ЖШС-де еңбек ете жүріп,  жай  есепшілік қызметтен  бас бухгалтерлікке дейін көтерілді. «КТП»  ЖАҚ-да  экономика саласы  директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1998-2014 жж. аралығында «КТП» ЖШС-нің –  атқарушы директоры.

2014 ж. бастап «КТП» ЖШС-нің – бас директорының орынбасары.

V, VI шақырлымдарының қалалық мәслихат депутаты. Подробнее ‘Швец Константин Валентинович – №5 сайлау округінен депутат’ »


Гүлнәзия Жанұзаққызы Дәрібаева – №6 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:47

Дарибаева 1Гүлнәзия Жанұзаққызы Дәрібаева, 1972 жылы 23 ақпанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының Сарыбұлақ совхозында дүниеге келді.

1979 жылы Қорғантұз орта мектебінің табалдырығын аттап, 1989 жылы орта мектепті бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетіне түскен. 1993 жылы осы аталған институттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі деген квалификация алған. Өз еңбек жолын 1993-1997 жылдар аралығында  Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының  №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1998 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударуына байланысты №15 орта мектебіне жұмысқа орналасқан. Осы мектепте 2004 жылдан бастап директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың сәуір айынан бастап мектеп директорының қызметін атқарып келеді. Жалпы педагогикалық өтілімі – 23 жыл. Жоғары деңгейдің бірінші біліктілік санатында.

2003 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Подробнее ‘Гүлнәзия Жанұзаққызы Дәрібаева – №6 сайлау округінен депутат’ »


Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов – №7 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:46

IMG_8833

Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов 1961 жылы 12 қазанда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Новоресей ауылында дүниеге келді.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын жол-құрылыс машиналары және жабдықтарының инженер-механигі мамандығын тәмәмдады. 1984-1986ж.ж. – «Казстальмонтаж» құрылыс басқармасында механик. 1986-1987ж.ж. – «АктюбеОблАгроПромстрой»

ҚБ Коммунистік Жастар Одағының хатшысы. 1987-1988ж.ж. коммунистік Жастар Одағының облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1988-1991ж.ж. Октябрьск районының Коммунистік Жастар Одағының бірінші хатшысы, 1991-1994ж.ж. – «Талап» фирмасының келісім-шарт бөлімінің бастығы. 1994-1995ж.ж – «Бірлік» концерн басқармасының бастығы. 1995-1997ж.ж. – «Бірлік» ЖШС директоры. 1997-2002ж.ж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер және жұмыс берушілер бірлестігі» ҚБ атқарушы директоры. 2000-2002ж.ж. – «Бизнес центр» ҚҚ президенті. 2002-2004ж.ж. – Ақтөбе облысы кәсіпкерлерін қолдау басқармасының бастығы. 2004-2005ж.ж. – Ақтөбе облысы тәртіптік кеңестің хатшылығының меңгерушісі. 2005-2008ж.ж. – «Бірлестік «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы филиалының директор орынбасары. 2005-2008ж.ж. – «Инновационно-внедрический центр» ЖШС директоры. 2008-2010ж.ж. – «Лад» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары. Подробнее ‘Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов – №7 сайлау округінен депутат’ »


Алмагүл Шұбайқызы Бекенова – №8 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:45

Бекенова 2Алмагүл Шұбайқызы Бекенова 1971 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында туған. Өзінің еңбек қызметін 1997 жылы Ақтөбе облыстық теледидардан бастады. Ұзақ уақыт редактор және жаңалықтарды жүргізуші болып жұмыс жасады, сонымен қатар авторлық бағдарламаларды қоса жүргізді.

Ол «Көзқарас», «Әйел әлемі», «Экономика және бизнес» тақырыптық бағдарламалардың авторы және жүргізушісі, «Арна» ақпараттық бағдарламаның редакторы болды. Салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді ат салысты, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен қызмет етті, «Сау болыңыз» теледидарлық жобаны жүргізді. 2002 жылы салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді жұмысы үшін Ақтөбе облысының әкімінен мақтау қағазына ие болды.

Бекенова Алмагүл Шұбайқызы 2001 жылы бірінші «Томирис» Ақтөбе облыстық суретті толық түсті қоғамдық-ақпараттық бағыттағы журналды қалыптастырып, басқарды. «Томирис» журналында 2005 жылдың 5 ақпанына дейін бас редактор қызметін атқарды. Осы уақыт аралығында Ақтөбе аймағы бойынша ең сапалы басылымдардың бірі етті, бұл журналда әйел денсаулығы, жұмыссыздық мәселесі, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, әйел мен балалардың өсімпаздықтары туралы мәселелері қозғалды. Басылымның шығарылымы екі есе артты. Подробнее ‘Алмагүл Шұбайқызы Бекенова – №8 сайлау округінен депутат’ »


Асхат Нұрсұлтанұлы Қабиев – №9 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:44

кабиев 2 Асхат Нұрсұлтанұлы Қабиев 1973 жылдың 10 қыркүйегінде  Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келді. 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектебін бітіріп, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша        Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін аяқтады.

Өзінің еңбек жолын 1990-1991 ж.ж. Ақтөбе «Сельмаш» зауытында металл жөндеуші қызметтен бастады.

1991-1993 ж.ж  ҚР әскери күштер қатарында қызмет атқарды.

1997-1999ж.ж. жеке кәсікерлікпен айналысты.

1999 жылы  «Кабиев и К»  ЖШС ашып, «Дина» Супермаркеттер желісін құрды.

Қазіргі таңда қалалық мәслихаттың депутаты, V шақырылым. 2011жылы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде кандидат Н.Ә.Назарбаевтың штабының белсенді қатысушысы болды.

 «Құрмет» орденімен, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» медалімен марапатталды. Елбасының құрмет грамоталарымен, облыс, қала әкімдерінің және «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталды.    Подробнее ‘Асхат Нұрсұлтанұлы Қабиев – №9 сайлау округінен депутат’ »


Ардақ Садақбайұлы Өтегенов – №10 сайлау округінен депутат

25.03.2016 18:43

Утегенов 1Өтегенов Ардақ Садақбайұлы 1979 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысында дүниеге келді.

1996 жылы Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында  орта білім алды. 1996-2000 жж. аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша аяқтады.  2004-2008 жж. Атырау мұнай газ  институтына түсіп, «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәлім алып шықты.

2015 ж. Ақтөбе қаласындағы Қазақстан-Ресей халықаралық университетінде дәріс алып, экономика мен бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.

2000 жылы өз еңбек жолын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Жаңажол ГӨЗ-ның жөндеу-механикалық слесарі қызметінен бастады.

2002-2003 жж. еңбек сүйгіштігі мен жеке ынтасына қарай,  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы басшылығының шешімімен қытай тілін меңгеруі үшін Бейжін мұнай университетіне іс-сапарға жіберілді.

23.07.2003 жылы іс-сапары аяқталған соң,  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Басқару аппаратының тіл саясаты және мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу қызметіне аудармашы болып ауыстырылды.  Подробнее ‘Ардақ Садақбайұлы Өтегенов – №10 сайлау округінен депутат’ »