Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Қоғамдық Кеңес

Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы
14.08.2019 17:50

photo_259446

 

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық – Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оны енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету. Подробнее ‘Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы’ »


Алгоритмді жеңілдету-уақытты үнемдеу
14.08.2019 17:31

«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде. Енді Қор сайтында негізгі төлем түрлері бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

111121

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкін төлем түрлеріне сәйкестігін тексеру мүмкіндігі бар. Подробнее ‘Алгоритмді жеңілдету-уақытты үнемдеу’ »


Көшпелі тұрақты комиссия отырысы өтті
01.08.2019 14:27

IMG_0820

Бүгін, 1 тамыз күні, Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссияның “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын орындалу барысы туралы” мәселесін дайындау шеңберінде көшпелі отырысы өтті. Аталған шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері және Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты.


Депутаттар мен Қоғамдық кеңес шаруа қожалығындарына барды
31.07.2019 17:29

Бүгін, 31.07.2019, мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, “Ақтөбе қаласының агроөнеркәсіптік кешеніндегі мәселелер және оларды шешу жолдары туралы” мәселесі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты – Тасимов Ә.Т., Қоғамдық кеңесінің мүшелері Кариев С.Ә., Сағандықова Г.Х., Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Тоқболатов М.Т. қатысты. Подробнее ‘Депутаттар мен Қоғамдық кеңес шаруа қожалығындарына барды’ »


Көшпелі тұрақты комиссия отырысы өтті
30.07.2019 14:47

Бүгін, 30.07.2019, Ақтөбе қалалық мәслихатының индустриялдық даму, инфоқұрылым және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссияның “Ақтөбе қаласындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындалу барысы туралы” мәселесін дайындау шеңберінде көшпелі отырысы өтті. Аталған шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары: Т.А. Хамитов, А.Е.Муханова, Ю.В. Гончаров, В.Ф. Гринберг, М.Қ.Әжібаев, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, А.Үмбетай, ТКШ бөлімінің өкілдері, мердігерлер қатысты.


#BIRGE#TAZAQAZAQSTAN эко-челенджі
28.07.2019 15:33

Кезектен тыс 45 сессия отырысы өтті
25.07.2019 09:00

8d93f0ca-20d4-4de6-bc0a-cf2dbbb067ba

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 15:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Бекенова Алмагүл Шұбайқызының төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының пленарлық отырысы өтті. Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі М.Е.Абдуллин, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Сейілханов Р.Н., Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, қатысты. Подробнее ‘Кезектен тыс 45 сессия отырысы өтті’ »


Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы
15.05.2019 11:43

Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы’ »


Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті
28.03.2019 18:26

DSC_0517

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 10:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясының пленарлық отырысы өтті.  Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі І.С.Испанов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Б.Т.Құрманалин, БАҚ өкілдері қатысты.

Подробнее ‘Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті’ »


Хабарландыру
15.03.2019 12:30

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң)Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Жұмыс тобының 2019 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 45 адам көлемінде айқындалды, оның ішінде 5 мемлекеттік органдардың өкілдерінен және 40 азаматтық қоғамының өкілдерінен тұратын болады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «18» наурыз – «03» сәуір аралығында.

Подробнее ‘Хабарландыру’ »