Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Қоғамдық Кеңес

Азаматтарды қабылдау
23.10.2019 15:51

WhatsApp Image 2019-10-23 at 11.45.12(1)Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары! Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі Астана ауданы әкімдігінің және Алматы ауданы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды келесі мекенжайлар бойынша қабылдау жұмысын бастады: Алматы ауданының әкімдігі Қарғалы ауылы, 60 лет Октября көшесі, 20Б.


Хабарландыру
23.10.2019 15:31

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары! Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі “Астана” ауданы әкімдігінің және “Алматы” ауданы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды келесі мекенжайлар бойынша қабылдау жұмысын бастады: 

“Алматы” ауданының әкімдігі Қарғалы ауылы, 60 лет Октября көшесі, №20Б. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр сейсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.

“Астана” ауданының әкімдігі Сәңкібай батыр даңғылы, №145Б (бұрынғы АХАЖ). Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр бейсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.


Көпбалалы аналар «Визажист – салонный мастер», «Мастер бровист» үш айлық курстарын тегін оқыды
22.10.2019 16:57

2019 жылдың 21 қазанында жергілікті уақытпен сағат 15.00-де, «Анаға Тағзым» ғимаратында көпбалалы аналарға Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Панақызы Шынтасованың бастамасымен және қалалық мәслихат депутаттары, іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелерінің демеушілігімен Айгерим Алгарқызының сұлулық мектебінде «Визажист – салонный мастер», «Мастер бровист» атты 3 ай тегін оқыту бойынша сертификаттар мен жаңадан бастаған шеберлерге арналған косметикалық жинақтар табысталды. Подробнее ‘Көпбалалы аналар «Визажист – салонный мастер», «Мастер бровист» үш айлық курстарын тегін оқыды’ »


Азаматтарды қабылдау
21.10.2019 10:40

WhatsApp Image 2019-10-23 at 11.45.12Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары! Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі Астана ауданы әкімдігінің және Алматы ауданы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды келесі мекенжайлар бойынша қабылдау жұмысын бастады: Алматы ауданының әкімдігі Қарғалы ауылы, 60 лет Октября көшесі, 20Б.

Азаматтарды жәке мәселелер бойынша қабылдау:

✔ әр сейсенбі күні сағат 16-00- ден 18-00- ге дейін жүргізіледі. Астана ауданының әкімдігі Сәңкібай батыр данғылы, 145Б.

Азаматтарды жәке мәселелер бойынша қабылдау:

✔ әр бейсенбі күні сағат 16-00- ден 18-00- ге дейін жүргізіледі.


Тұрақты комиссиясы отырысы өтті
17.10.2019 19:57

IMG_2079Бүгін, қазан айының 17 жұлдызында қала әкімдігінің ғимаратында Ақтөбе қалалық мәслихатының индустриялдық даму, инфрақұрылым және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыста, Ақтөбе қаласы тұрғындарынан жиі түсіп жатқан шағымдарға байланысты, «Қала аумағын жинау, қоқыс шығару, қаланың қоқыс полигонын күтіп ұстау, сенбілікке дайындық және ұйымдастыру жұмыстары туралы» мәселесі қарастырылды. Аталмыш жиынға комиссия төрағысы Т.Хамитов, «Ақтөбе қалалық маслихат аппараты» ММ аппарат басшысы М.Ершеге, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары С.Алипов, Ю.Гончаров, К.Масалимова, В.Гринберг, «Ақтөбе қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.Досов, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері А.Мырзалин, А.Үмбетай, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, қала тұрғындары және мердігер компания өкілдері қатысты.


Көшпелі тұрақты комиссия отырысы өтті
15.10.2019 19:34

IMG_2076Бүгін, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихатының индустриялдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Аталған отырысқа комиссия төрағасы Т.Хамитов, А.Кабиев, А.Султанов, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері А.Мурзалин, А.Үмбетай, Е.Аликулов, А.Кудеев, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, қала тұрғындары, көліктік бақылау инспекциясының өкілі Е. Өтегенов, ІІД өкілі Ж. Утенов, BPC компаниясының өкілі, БАҚ өкілдері қатысты. Комиссияның негізгі нысаны – “Ақтөбе қаласының жолаушы автокөлік кәсіпорны” ЖШС  Негізгі мәселе: электронды билеттендіру жүйесі, қоғамдық көліктердің жол жүру ережелері мен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі болды. “Ақтөбе қаласының жолаушы автокөлік кәсіпорны” ЖШС-нің директоры А.В.Лисицкий электрондық билеттендіру жүйені енгізу мәселесін және жұмысы туралы мәлімдеді. Алдағы уақытта жоспарлармен бөлісіп, электрондық жүйені насихаттау бағытыңда қолдау қажеттіігін айтты

 


Азаматтарды қабылдау
15.10.2019 18:52

IMG_2078Бүгін, Тургенев көшесі, 86 мекен-жайында орналасқан «Nur Otan» партиясының АҚФ  Ақтөбе қалалық мәслихатының 13 сайлау округінен депутат Гончаров Ю.В.  қоғамдық қабылдау жүргізді.


Зейнет жасындағы табысты алмастыру коэффициенті әлемдік стандарттарға сәйкес келеді
10.10.2019 18:07

8fcfc9aa-4024-4e7b-b98f-845272d38c01Қазақстанда зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі моделі жұмыс істейді. Ол зейнет жасына толған барлық зейнеткерлерге төленетін базалық зейнетақыны, 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға төленетін ортақы зейнетақыны, сондай-ақ зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін және ерікті зейнетақы жарналарын қамтиды. Базалық зейнетақы мен ортақ зейнетақы мемлекеттік бюджеттен төленеді. Міндетті және ерікті жинақтаушы құрамдауыштар БЖЗҚ-ның құзыретіне кіреді. Подробнее ‘Зейнет жасындағы табысты алмастыру коэффициенті әлемдік стандарттарға сәйкес келеді’ »


Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не және оның артықшылықтары
10.10.2019 18:01

fef9b8cb-d4d6-4775-8fb9-42ced4bcf95fЕске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Подробнее ‘Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не және оның артықшылықтары’ »


БЖЗҚ-дан мәлімет
10.10.2019 17:57

5ea099a1-0336-41b1-afc8-fdc66d79fa99Балет – сахна өнерінің ең әдемі түрлерінің бірі. Балет әртістерінің жұмыс жағдайы өте қиын болып табылады. Қызметтің бұл түрі бірқатар кәсіби аурулармен сипатталады, соның ішінде артрит, жарақаттар, тромбоз және басқалары. Балет әртістерінің кәсібі зиянды еңбек жағдайларына жататын тізімге енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс берушілер денсаулық жағдайына зиянды өндіріс пен кәсіп қызметкерлері үшін 2014 жылдың қаңтар айынан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) ретінде БЖЗҚ-ға аударады және жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына құқық береді.

Толығырақ: https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/ipa/cppc.php